20
февраль
2026
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толды.
📆 Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толды.
🔉 Осы атаулы датаға орай мектебімізде бүгін 19-ақпан күні ауған соғысының ардагерлері Укубасов Куатбек Калиевич және Макаев Сайлаубекпен тағылымды кездесу өтті. Оқушылар жауынгер-интернационалистермен жүздесіп, олардың естеліктерін тыңдап, ерлік, табандылық және Отанға адал қызмет ету туралы құнды ой-пікірлерін қабылдады. Ауған соғысында қаза тапқан Морозкин С.И. ескерткішіне гүл шоғы қойылды. Калиева Сания Ашимовнаның бастамасымен шарамыз мектеп мұражайынан басталды. Ауған соғысы туралы мәліметтер айтылып, Бақы ауылдық округінен соғысқа қатысқан барлық сарбаздар туралы толық мәлімет берілді.
🚧 Сонымен қатар, іс-шараға "Ауыл" шекара бақылау бөлімі әскери қызметкерлері де қатысты. Оқушыларымызға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.
🏢 Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – 10-сынып оқушыларының салтанатты түрде ант қабылдауы болды. Бұл – жас ұрпақтың жауапкершілігін, патриоттық рухын және аға буынның ерлігіне деген құрметін айқындайтын маңызды қадам.
✅️ Ардагерлерге тағылымды кездесуі мен өнегелі әңгімесі үшін алғыс білдіреміз. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, батырлардың есімі – мәңгі жүрегімізде. 🇰🇿
#адал_азамат_абай_облысы_бородулиха
https://www.instagram.com/reel/DU8fzenCMS1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==