20
февраль
2023
«Мәңгілік Ел» оқу- тәрбие орталығының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында , Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай «Ауғанстан- жүректегі жара»-«Афганистан -боль в моей душе» тақырыбында өткізілген іс-шаралар
https://www.instagram.com/p/CowTBerNJVW/?utm_source=ig_web_copy_link
Абай облысы білім басқармасының Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» КММ
«Мәңгілік Ел» оқу- тәрбие орталығының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында , Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай «Ауғанстан- жүректегі жара»-«Афганистан -боль в моей душе» тақырыбында өткізілген іс-шаралар.
Ауған соғысы Кеңес одағы тұсындағы тарихтың қайғылы беттерінің бірі. 1989 жылы 15 –ақпан күні Кеңес Одағының әскері ауған жерінен шығарылды.
Осыған орай, мектебіміздің 10 -сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады. 10-сынып оқушыларынан құралған «Жас Сарбаз» тобы Ауған жерінде қызмет етіп, қайтыс болғаннан кейін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған Сергей Иванович Морозкиннің ескерткішіне барып, бір минуттық үнсіздікпен жерлесімізді еске алды. Мектеп директоры Морозкина Галина Михайловна марқұмның балалық шағы, мектептегі өмірі жайлы еске алып, Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр ретінде санайтынымыз туралы айтып, ескерткішке гүл шоғын қойды.
Бақы ауылдық округінде Ауғанстанда борышын өтеп, аман-сау оралған жігіттер көп. Олар біздің мектебімізге жиі қонаққа келіп ,Сергей Морозкинді еске алып, өздері орнатқан ескерткішке арнайы келіп, тағзым етіп, оқушылармен жиі кездесу өткізіп тұрады. Кездесулер барысында Ауған соғысы ардагерлері болашақ Отан қорғаушыларға өздерінің жүріп өткен жолдары, соғыста көрген қиыншылықтары және өздерінің басынан өткен оқиғалары туралы әңгімелеп, оларды болашақта елін, жерін қорғауға аянбай күш-жігер жұмсауға, өз елінің шын патриоты болуға бағыттайды.
@boroduliha_audany_akimdigi
@bor_edu
#афганистан