2023 жылдың 11 тамызы күні Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданының білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мағынасы тереңге бойлаған ерекше кездесу » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » 2023 жылдың 11 тамызы күні Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданының білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мағынасы тереңге бойлаған ерекше кездесу
12
август
2023

2023 жылдың 11 тамызы күні Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданының білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мағынасы тереңге бойлаған ерекше кездесу

2023 жылдың 11 тамызы күні Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданының білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мағынасы тереңге бойлаған ерекше кездесу өтті. Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесінің іздеу жасағы тапқан Ұлы Отан соғысында мерт болған қазақстандық майдангер-жерлесіміз Тунгышпаев Бейсенбайдың есімі жазылған медальонды табыстау рәсіміне Өскемен қаласынан Ресейдің бас консулдығының консул-кеңесшісі Хохлов Николай Павлович, Алтай өлкесінің «Ориентир» іздестіру жасағының өкілдері Буймова Галина Николаевна, Трикина Оксана Александровна, Бейс Алина Владимировна , Бородулиха аудандық маслихатының хатшысы, «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрайымы Урашева Сауле Турсуновна, Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайдарбеков Медет Максатович, қазақстандық «Майдан жолы» іздестіру жасағының өкілі Байкенова Зауреш Ертаевна, Бородулиха ауданы білім беру ұйымдарының тарих пәнінің және Алғашқы әскери, техникалық даярлық пәнінің мұғалімдері, баспасөз өкілдері арнайы шақырылды.Шараның ашылуы мәжіліс залына мектептің АӘТД пәнінің жетекшісі Алинов Сапарғали Абылханұлының бұйрығы бойынша «Ақ сұңқар» патриоттық клубы мүшелерінің Мемлекттік Туымызды енгізуден және шараға қатысушылардың Мемлекеттік Әнұранды орындауынан басталды.
Рәсімнің шымылдығы мектеп директоры Морозкина Галина Михайловнаның құттықтау сөзімен ашылды. 
Буймова Галина Николаевна медальон мен Бейсембай атамыз жерленген жердің бір уыс топырағын немересі Тунгышпаева Карлығаш Рамазанқызы бастаған ұрпақтарына табыстады.
Бұл тағылымды кездесу табыстау рәсімінен кейін мектеп мұражайында өз жалғасын тапты. Тың даңқы мұражайының жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз Сания Ашимовна Калиева Бақы селолық округінің тарихы, ауылымыздың қалыптасуы мен өркендеуіне зор үлес қосқан еңбеккерлер, ардагерлер жайлы қызықты мәліметтерімен бөлісті.
Аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Мамедова Анжеланың орындаған әндері, Жигалина Валентина Петровна мен Горяев Юрий Платонович оқыған жыр жолдары тағылымы мол кездесудің шырайын кіргізді. Шараға қатысушы ауылдастар атынан Ауған соғысының ардагері Куат Калиевич Укубасов, зейнеткер Дулатова Зина апай келген қонақтарға зор алғысын білдірді. 

Похожие публикации: