12
февраль
2020
"Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубына оқушыларды қабылдау
2020 жылдың 12 ақпанында "ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі" ММ "Коростели орта мектебі" КММ-інде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубына оқушыларды қабылдау өтті. Шараға мектеп директоры Морозкина Г.М., директордың ТІ жөніндегі орынбасары Сулейменова С.Б., АӘжТД пәнінің мұғалімі Алинов С.А., "Қызыл Ауыл" шекара застава бастығының орынбасары Қайырнас Н.М. қатысты. Шара ҚР гимнін орындаумен басталып, мектеп директоры клуб мүшелігіне енуге ниет білдірген оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Сулейменова С.Б. 2020 жылы 15 ақпан Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 31 жыл толатынын атап өтті. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлері бір минуттық үнсіздікпен еске алуды ұсынды. Жерлесіміз Морозкин Сергей Иванович жайлы естеліктер айтылды. 10 сынып оқушылары "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының мүшелігіне еніп, мемлекетімізді қорғауға ант қабылдап, клуб мүшесінің куәлігін алды. Шараны "Қызыл Ауыл" шекара застава бастығының орынбасары Қайырнас Н.М. «Ант қабылдау дегеніңіз, бұл адал, әділ болу ғана емес, Отанға қызмет жасау, мемлекеттің мүддесін, ҚР Конституциясын, еліңді-жеріңді, айналаңды қоршаған азаматтар мен туған-туысыңды қорғау. Еліңнің, республикаңның нағыз азаматы болу. Ол келешекте заң мен тәртіпті сақтаумен қатар аса мәдениетті, білімді, еңбекқор, өмірдің небір жағдайы мен қиыншылық сәттерінде сабырлылық сақтап, байыппен бәрін шешуі тиіс»,- деп қорытындылап, оқушыларға жылы лебізін білдірді.

















