28
январь
2026
2025-2026 оқу жылына арналған біздің мектептің форма талаптары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына («Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы») сәйкес, мектеп формасына бірыңғай талаптар белгіленген.
Осыған орай, орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сай болуы тиіс. Форманың стилі мен түсі классикалық, біркелкі түсте болуы қажет.
2025-2026 оқу жылына арналған біздің мектептің форма талаптары:
Форма түсі - біркелкі қою көк.
Ұл балалар үшін: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік және күнделікті көйлек. Шалбар классикалық пішінде, тобықты жауып тұруы тиіс. Жеңсіз және жағасыз киімге тыйым салынады. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы керек.
Қыз балалар үшін: пиджак, жилет, белдемше, классикалық көйлек-блузка, қыста сарафан немесе тоқыма жилет киюге болады. Жеңсіз және жағасыз киімге тыйым салынады. Белдемше ұзындығы тізеден төмен болуы тиіс.
Мерекелік форма: ұл балалар - ақ көйлек, қыз балалар - ақ блузка. Бұл күнделікті мектеп формасын толықтырады.
Спорттық форма: бәріне бірдей спорттық костюм мен спорттық аяқ киім.
https://www.instagram.com/p/DUDEez5iEPt/?utm_source=ig_web_copy_link