14
октябрь
2022
"Коростели орта мектебі " КММ оқушыларына "Автоматты АК-74 бөлшектеу және жинақтау " түсіндірме сабағын өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ауыл шекара қызметінің қызметкерлері АӘД пәнінің мұғалімі Алинов С.А бірге Абай облысы білім басқармасының Бородулиха ауданы білім бөлімінің "Коростели орта мектебі " КММ оқушыларына "Автоматты АК-74 бөлшектеу және жинақтау " түсіндірме сабағын өткізді.
Сабақтың өткен орыны – АӘД кабинеті.
Сабақтың мақсаты:Отанды, елді қорғаудың алатын орны мен Калашников автоматын жартылай бөлшектеп шашып жинаудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту.Отаның, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғау – басты патриоттық міндет екенін түсіндіру.
Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.
Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.