02
сентябрь
2025
Педагогикалық кеңес - Педагогический совет
025 жылдың 29 тамызы күні Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы білім бөлімінің "Коростели орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны, негізгі бағыттары таныстырылды. Нұсқау хаттағы жаңашылдықтар мектептің жылдық жұмыс жоспарымен тығыз байланысты қарастырылып, мұғалімдердің кәсіби қызметінде басшылыққа алу ұсынылды.
2024-2025 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары талқыланды. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқу жүктемесі, білім алушылардың тізімдік құрамы, педагогтердің оқу жүктемесі, сабақ кестесі, педагогикалық кеңес пен әдістемелік кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары, тәрбие жұмысының жоспары, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарлары бекітілді.
2024-2025 оқу жылы бойынша педагогтерді аттестаттаудан
өткізудің нәтижесіне тоқталып, 2025-2026 оқу жылында біліктілік санатын алуға немесе нақтылауға өтініш білдірген педагогтер нақтыланды.Педагогикалық кеңес барысында мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі жөнінде де хабарламалар тыңдалды.
Кеңестің соңында әртүрлі мәселелер қарастырылып, алдағы оқу жылына нақты міндеттер белгіленді.
Педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны, негізгі бағыттары таныстырылды. Нұсқау хаттағы жаңашылдықтар мектептің жылдық жұмыс жоспарымен тығыз байланысты қарастырылып, мұғалімдердің кәсіби қызметінде басшылыққа алу ұсынылды.
2024-2025 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Сонымен қатар жаңа оқу жылына арналған білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары талқыланды. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқу жүктемесі, білім алушылардың тізімдік құрамы, педагогтердің оқу жүктемесі, сабақ кестесі, педагогикалық кеңес пен әдістемелік кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары, тәрбие жұмысының жоспары, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарлары бекітілді.
2024-2025 оқу жылы бойынша педагогтерді аттестаттаудан
өткізудің нәтижесіне тоқталып, 2025-2026 оқу жылында біліктілік санатын алуға немесе нақтылауға өтініш білдірген педагогтер нақтыланды.Педагогикалық кеңес барысында мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі жөнінде де хабарламалар тыңдалды.Кеңестің соңында әртүрлі мәселелер қарастырылып, алдағы оқу жылына нақты міндеттер белгіленді.