📚 Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы📌 » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » 📚 Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы📌
06
январь
2026

📚 Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы📌

📚 Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы📌

2025-2026 оқу жылына арналған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жоспарына сай 2026-жылдың 6-қаңтарында мектеп ұжымымен педагогикалық әдепке арналған кезекті жиналыс өткізілді. Бұл жиынның басты мақсаты – ұстаздардың кәсіби әдебі, педагогикалық мәдениеті, өзара қарым-қатынастағы жауапкершілік пен сыйластық қағидаларын тағы бір мәрте зерделеу болды.

Педагогикалық әдеп – бұл тек ереже немесе талап қана емес, ол әрбір ұстаздың ішкі мәдениеті, тұлғалық ұстанымы, оқушы мен ата-ана алдындағы жауапкершілігі. Ұстаздың әрбір сөзі, әрекеті, қарым-қатынасы – шәкірт үшін үлгі. Сондықтан педагогикалық әдепті сақтау – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізгі кепілі.

Жиналыс барысында кәсіби қарым-қатынас мәдениеті, әріптестер арасындағы ынтымақтастық, оқушыға құрметпен қарау, педагог мәртебесін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Ұжымдық бірлік пен өзара түсіністік болған жерде ғана мектеп дамиды, ал мектеп дамыса – ұлт болашағы нық болады.

"Мектеп директоры ретінде әрбір әріптесімнің кәсіби жауапкершілігіне, адамгершілік ұстанымына сенім білдіремін. Алдағы уақытта да педагогикалық этика қағидаларын берік ұстана отырып, бір мақсат жолында нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін" - деп мектеп директоры Турсун Маусымжан Болаткызы өз сөзінде атап өтті.

🤝 Бірлік
📖 Кәсібилік
✨ Сыйластық

Осындай құндылықтарға негізделген ұжым – табысты мектептің негізі.

#педагогикалықәдеп
#мектепұжымыменжиналыс
#педагогмәртебесі 

https://www.instagram.com/reel/DTK1hdLCBvT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​