29
сентябрь
2025
Турсун Маусымжан Болаткызы
Мен, Турсун Маусымжан Болаткызы, 1993 жылы 17-желтоқсанда Қайнар ауылында дүниеге келгенмін. Семей қаласындағы №47 ЖООБМ 2011-жылы аяқтадым.2011-2014 жылдар аралығында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы;
2014-2015 жылдар аралығында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі» мамандығы;
2016-2019 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығына оқыдым.
2024 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асқан «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасының түлегімін.
Менің басты миссиям – еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақты заманауи талаптарға сай сапалы біліммен қаруландырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жауапкершілігі жоғары, саналы азамат ретінде қалыптастыруға ықпал ету.
Мектепті білім мен тәрбиенің ошағына айналдыру, ұжыммен бірлесе отырып жаңашылдыққа ұмтылу, әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау – менің кәсіби әрі адами міндетім деп білемін.
Ұстаздардың шығармашылығын қолдап, озық тәжірибені енгізу арқылы мектептің білім сапасын арттыру менің басты мақсаттарымның бірі. Ынтымақтастық пен сенімге негізделген басқару жүйесін қалыптастырып, барша қауым – ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар арасында бірлік пен өзара түсіністік орнатуға күш саламын.