«Коростели орта мектебі» КММ-нің 5"б" сыныбында жасөспірімдер арасында «ЖӘК Рёдан», «Колумбайн» сынып сағаты өткізілді » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » «Коростели орта мектебі» КММ-нің 5"б" сыныбында жасөспірімдер арасында «ЖӘК Рёдан», «Колумбайн» сынып сағаты өткізілді
20
апрель
2023

«Коростели орта мектебі» КММ-нің 5"б" сыныбында жасөспірімдер арасында «ЖӘК Рёдан», «Колумбайн» сынып сағаты өткізілді

«Коростели орта мектебі» КММ-нің 5"б" сыныбында жасөспірімдер арасында «ЖӘК Рёдан», «Колумбайн» қозғалыстарының таралуына, жасөспірімдер арасында терроризм мен экстремизм көріністеріне қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында оқушылардың чаттар мен жаппай жиынға қатысуына жол бермеу тұрғысынан профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен ақпараттық, психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету мақсатында психопрофилактикалық, психокоррекциялық жұмыстар ұйымдастырылды. Білім алушылардың ата-аналарымен оның ішінде қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасағаны, террористік және экстремистік сипаттағы әрекеттер көрсеткені, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі ата-аналық міндеттерді сақтамағаны, ата-аналармен білім алушылардың психологиялық қызмет мамандарына өз бетінше жүгіну мүмкіндіктері үшін заңнамада белгіленген жауапкершілік бойынша ақпарат беріліп, ата-аналар жиналысы өтті.
Мектепте мәдени, спорттық және қоғамдық жұмыстарға оқушылар толық тартылған. Мектепшілік есепте тұрған оқушылар жоқ. Баскетбол, тоғызқұмалақ, мини-футбол, Creativ аула клубы, теннис үйірмелері жұмыс жасайды. Оқушылардың білім беру бағдарлмаларың меңгеруде, оларды дамыту мен бейімделуде оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетіледі.

5"б" сынып жетекшісі: Нуракенова К.К. 

 ​https://www.instagram.com/p/CrQ5WoiNPvF/?utm_source=ig_web_copy_link​​​