Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстық та сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері барын, осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс екендігін айтты. «Патриотизм кіндік қаны тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген Мемлекет басшысы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Осыған орай 2019 жылдың 26-шықазанында «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ «Коростели орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Калиева С.А. және мектеп директорының ТІ жөніндегі орынбасары Турсун М.Б. жетекшілігімен, мектеп оқушылары күзгі демалысын рухани азық алу мақсатымен Семей қаласының мұражайларын аралаудан бастады. Экскурсия Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайынан басталып, Достоевскийдің Әдеби-Мемориалдық Мұражайымен жалғасып, Семейдің облыстық тарихи - өлкетану музейімен аяқталды.