16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту, оқушылар бойында патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-13 желтоқсан аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар негізінде өткізілді. 9-13 желтоқсан аралығында мектеп кітапханашысы Азельбаева М.О. бастамасымен «Вершины Независимости» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, барлық оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің назарына ұсынылды. 10 желтоқсан күні 4 Б сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушылары арасында «Это –Родина моя» атты зияткерлік ойыны өтті. Оқушылар топқа бөлініп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылдардан бергі тарихына қатысты сұрақтар мен ребустар шешіп, әр түрлі ойындар ойнатылды. 12 желтоқсан АӘжТД мұғалімі Алинов С.А. оқушылар бойында әскери патриоттық сезімін және ҚР Қарулы күштеріне деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында «Батыр» әскери-спорттық эстафетасын өткізді. Эстафетаға «Жас Сарбаз» әскери-партиоттық клубының мүшелерімен қатар, 7-11 сынып оқушылары қатысты. Топтар сап түзеп, өздерінің тобын таныстыру, саптағы жаттығулар, кедергілерден өту, АК автоматын бұзу және жинау, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету, әскери шендерді атау сияқты кезеңдерден өтті. Бұл шараның әділқазылары ретінде «Қызыл Ауыл» шекара заставасы бастығының орынбасары Қайырнас Н.М. мен әскери қызметкерлер оқушылардың ептілігі мен шапшаңдығын, әскери дайындығын бағалады. 13 желтоқсан күні мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мен аға тәлімгер Саякина А.А. «Тебе, родной мой Казахстан, тебя воспеть хочу» атты ертеңгілігін 1 Б,2 Б, 3Б сыныбының оқушыларымен өткізді. Сап түзеп Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды, Тәуелсіздік жайында видеодан үзінді көрсетіліп, оқушылар арасында сұрақ-жауап, өлең жолдары мен қазақ халқының салт-дәстүрі «Шашу» көрсетілді. 3 Б сыныбының қыздары «Қамажай» биін билесе, 2 Б сыныбы «Кәріс биімен» барлығын таңғалдырды. Сонымен қатар, бұл күні «Коростели орта мектебі» жанындағы «Айналайын» шағын орталығының тәрбиеленушілеріне музыкалық жетекші Машинский В.Д. пен тәрбиеші Жигалина В.П. «Тәуелсіздік-байлығым» атты таным сағатын ұйымдастырып, бұл мерекеден шет қалмады. Тәуелсіздік жайында мағлұмат беріліп, ән салып, би биледі.









