05
октябрь
2026
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны
📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық марафоны
Отредактировано ·
📖 «Кітап оқитын педагог» бағыты
Ұлттың болашағы – білімді ұрпақ, ал білімді ұрпақтың қалыптасуына бағыт беретін тұлға – ұстаз.
«Кітап оқитын педагог» бағыты аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еженхан Талант Рауанұлы ұлт ұстазы, көрнекті ақын әрі педагог Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін оқуға ұсынып отыр.
Мағжан Жұмабаев бұл еңбегінде бала тәрбиесі, білім беру, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс, баланың жан дүниесін тану мен тұлға қалыптастыру мәселелеріне терең мән береді. Ғасыр бұрын жазылса да, еңбектегі көптеген ойлар бүгінгі білім беру мен тәрбие үдерісі үшін өзектілігін жоғалтқан жоқ.
📚 Әр педагог – үздіксіз ізденістегі оқырман.
Кітап оқитын ұстаз – ойлы ұрпақ тәрбиелейді!
Сіздерді Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін оқуға және кітаппен бірге рухани дамуға шақырамын!
Кітап оқиық! Ізденейік! Үйренейік! Оқуға құштар ұлт қалыптастыруды өзімізден бастайық! 🇰🇿📖
#КітапОқитынҰлт #Адал_азамат_Абай_облысы_Бородулиха #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Бородулиха
📚 Республиканский марафон «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»
📖 Направление «Кітап оқитын педагог»
Будущее нации — образованное поколение, а учитель — это человек, который направляет и играет важную роль в его становлении.
В рамках направления «Читающий педагог» учитель казахского языка и литературы Еженхан Талант Рауанұлы рекомендует к прочтению труд выдающегося казахского поэта и педагога Магжана Жумабаева «Педагогика».
В своём труде Магжан Жумабаев уделяет особое внимание вопросам воспитания и образования детей, взаимоотношениям учителя и ученика, пониманию внутреннего мира ребёнка и формированию личности. Несмотря на то, что произведение было написано около века назад, многие мысли и идеи автора не утратили своей актуальности и сегодня.
📚 Каждый педагог — читатель, находящийся в постоянном поиске и развитии.
Читающий учитель воспитывает мыслящее поколение!
Приглашаем вас познакомиться с трудом Магжана Жумабаева «Педагогика», читать, познавать новое и духовно развиваться вместе с книгой!
Читайте! Ищите новое! Учитесь! Начнём формировать читающую нацию с самих себя! 🇰🇿📖
#МағжанЖұмабаев #Педагогика #ЧитающаяНация- https://www.instagram.com/reel/DeB9tdEIZNs/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==