07
октябрь
2026
🌷 «Ұстазға мың алғыс» — ұстазға деген шынайы құрмет

Ұстаздар күніне арналған онкүндік аясында мектебімізде оқушылар арасында «Ұстазға мың алғыс» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. ✍️📚
Эссе барысында оқушылар өз ұстаздарына деген алғысын, құрметін, жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұстаз еңбегінің адам өміріндегі маңызын өз ойларымен жеткізді. 💐
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оқушы мен педагог арасындағы өзара сыйластық пен сенімді нығайтуға, ұстаз еңбегін бағалауға және ризашылық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұстаз — білім беріп қана қоймай, әр оқушының жүрегіне жол тауып, болашаққа бағыт беретін тұлға. 🌿
Барша ұстаздарға еңбектеріңіз үшін мың алғыс! ❤️
Сіздердің шәкірттеріңізбен бірге атқарған әрбір еңбектеріңіз — жарқын болашаққа қосылған үлес!
#ҰстазғаМыңАлғыс #ҰстаздарКүні #ҰстазЕңбегі #МектепӨмірі #Адал_азамат_Абай_облысы_Бородулиха