28
ноябрь
2022
Жакашева И.А мен Сулейменова С.Б оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа, кітап авторына деген қызығушылығын дамыту мақсатында "Оқуға құштар сынып" бұрышын ұйымдастырды.
Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай -ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани -адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру , мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту мақсатында іске асырылып жатқан "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында "Коростели орта мектебі" КММ көптеген іс-шаралар жоспарланған. Соның ішінде әрбір сыныпта "Оқуға құштар сынып"бұрыштарын ұйымдастыру. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жакашева И.А мен Сулейменова С.Б оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа, кітап авторына деген қызығушылығын дамыту мақсатында "Оқуға құштар сынып" бұрышын ұйымдастырды. Бұл бұрышта "Кітап оқудың жеті пайдасы" жайлы, мерейтойлық авторлардың өмірбаяндары мен шығармашылық қызметі, сондай-ақ оқырмандарға кеңінен таныс шығармалары жайлы мағлұматтар берілген.