13
июль
2026
Түлектер сыйы – мектептің жарқын болашағына қосылған үлес!
Түлектер сыйы – мектептің жарқын болашағына қосылған үлес! 🤝🏫⚽
25 жыл бұрын мектеп бітірген түлектеріміздің тарту еткен тамаша сыйын зор ризашылықпен қабыл алдық. Олар мектепте өткен жарқын күндерді еске алып, дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шараларға қажетті спорттық құрал-жабдықтарды, доптар мен басқа да спорттық инвентарьларды сыйға тартты.
Ұлағатты ұстаздарымызды да ұмытпай, өз сыйларын тарту етті💐
Мұндай игі іс – жай ғана сыйлық емес, туған мектепке деген құрметтің, жанашырлықтың және өскелең ұрпақтың болашағына қосқан үлестің айқын көрінісі. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында оқушыларымыз спортпен бұрынғыдан да зор қызығушылықпен және қуанышпен айналысатын болады.
Мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым және оқушылар атынан түлектерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Жылдар өтсе де туған мектеппен байланыстарыңыздың үзілмей, әрдайым қолдау көрсетіп жүргендеріңіз біз үшін үлкен қуаныш.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Үлкен мектеп отбасының ажырамас бөлігі болып қала бергендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! 💙🏐⚽
#Түлектер #ТүлектергеАлғыс