23
ноябрь
2022
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сулейменова С.Б. 10 ,,,Б"" сыныбында "Каспий теңізі" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Коростели орта мектебі" КММ пән апталықтары өз жұмысын жалғастыруда. Қарашаның жиырма бірі мен жиырма бесі аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сулейменова С.Б. 10 ,,,Б"" сыныбында "Каспий теңізі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы туралы постер қорғады. Сабақ соңында "Білім қоржынына" сабақтан алған әсерлерін салды. Кейбір оқушылар тақырып бойынша әлі де ізденулері керектігін атап өтсе, көпшілігі сабақты өте жақсы түсінгенін, өте қызықты болғанын белгіледі. Сабаққа қатысқан пән мұғалімдері де оқушылардың және ұстаздың жұмысына оң бағасын берді.