24
ноябрь
2022
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакашева.И.А 9 "А" сыныбында "Студенттік универсиада" тақырыбында ашық сабақ өткізді
Қарашаның жиырма бірі мен жиырма бесі аралығында өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығында қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакашева.И.А 9 "А" сыныбында "Студенттік универсиада" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тапсырмаларды әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындай отырып, "Студенттік Универсиада" тақырыбын және сабақтас құрмалас сөйлемді түсінді. Сабақ соңында "Білім кубогына" сабақтан алған әсерлерін, алған білімдерін, деңгейін салды. Оқушылар сабақты өте жақсы түсінгенін бірақ, әлі де іздену керектігін атап өтті. Сабақ өз мақсатына жетті. Сабаққа қатысқан басқа пән мұғалімдері оқушылардың және мектебімізге келген жас маманның жұмысына жоғарғы баға берді https://www.instagram.com/reel/ClTLDr8qbFr/?utm_source=ig_web_copy_link