Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай "Бір кем дүние" атты 9 "а" қазақ сыныбымен тәрбие сағаты өтілді. » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай "Бір кем дүние" атты 9 "а" қазақ сыныбымен тәрбие сағаты өтілді.
14
октябрь
2022

Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай "Бір кем дүние" атты 9 "а" қазақ сыныбымен тәрбие сағаты өтілді.

Қазан айының 14 ші жұлдызында әдебиетіміздің айтулы өкілі Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай "Бір кем дүние" атты 9 "а" қазақ сыныбымен тәрбие сағаты өтілді. Шерхан Мұртаза - әр шығармасында өмір шындығын  шынайы суреттей білген шебер қаламгер. Көпшіліктің көңілінен шыққан «Бір кем дүниенің» орны өте бөлек. Бұл  туындысында жазушы өмір жолындағы  көрген-білгендерін,  көңіл түкпіріндегі  ойларын бүкпесіз баяндаған. Мұндағы аз сөзбен көп нәрсені аңғартатын әрбір ой-толғанысының негізгі түйіні «бір кем дүниеге» келіп тіреледі. Қаламгердің осы бір шығармасын оқи отырып, оның көлемі қысқа болса да, мән-мазмұны аса терең, берер өнегесі мол, оқырманды ойландырмай қоймайтын тұғыры биік туынды екеніне оқушылармен бірге тағы да көз жеткіздік. Шығарманың әрбір үзіндісінен өмірді, бәлкім, өзімізді танып, осынау дүрбелең дүниенің кемшің тұстарына автормен бірге көз жүгіртіп, автормен бірге күрсіндік. Көңіл иірімдері мен жанайқайын ақ қағазға жазып қалдырған   жазушы жақында ғана дүниеден озды. Міне, бұл да бір кем дүние... «Шын кем дүние»...
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жакашева.И.А
@bor_edu
@boroduliha_audany_akimdigihttps://www.instagram.com/reel/CjuNkGAKVsW/?utm_source=ig_web_copy_link​​​