1- мамыр "Бірлік күні" » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
25
апрель
2022

1- мамыр "Бірлік күні"

1-мамыр Халықтар бірлігі күніне арналған сынып сағаты 6/7«А» сыныбында сәуір айының 25 жұлдызында «Бірлігі жарасқанҚазақстан!» атты сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Бейбітшілік жайында түсінік беру. Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні 6/7 "а" сыныбының оқушылары ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның салт-дәстүрлерін дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісім туралы түсінік қалыптастырды.

Сынып жетекшісі: Желбаева А.Б.
#1мамыр