Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
17
январь
2022

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылдың 12 желтоқсанында қазіргі Алматы, сол кездегі Верный қаласында өмірге келген. Ол 1930 жылы Алматыдағы №14 мектепті тәмамдап, Мәскеудегі түсті металл институтына оқуға түседі. Елге оралған соң Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішінде жұмыс істеп, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруымен көзге түседі. Ол 1955-1960 жылдар аралығында Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы, 1960-1986 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы қызметін атқарды. Ол 1986 жылдың 16 желтоқсанында орнынан түсіп, бұл міндетті атқару Геннадий Колбинге жүктелді. Дінмұхамед Қонаев халық арасында қарапайымдылығымен, көпшілдігімен есте қалған. Басшының көзін көргендердің айтуынша, ол мүлде жеке күзет пайдаланбай, жұмысына жаяу жететін болған. Одан бөлек, академик атанғаны үшін берілетін 340 сомнан бас тартып, оны жас ғалымдарды қолдауға жұмсады. "Дінмұхамед Қонаев кішіпейіл басшы есебінде танылды. Ол ертеменен Коммунистік даңғыл мен Киров көшесінің (бүгінгі Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің) қиылысындағы үш қабатты үйден шығып, ылдидағы Үкімет үйіне қарай жайбарақат жұмысқа бара жататын. Қонаев сол үйде көп жылдар бойы тұрды, тіпті, Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал басқа үйге көшкенде Қонаев пәтерін өзінің кадрлық саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйға тартып кетті. Мен де сол кезде Алматының орталығында тұрдым, менің де жұмысқа баратын жолым Коммунистік даңғылдың бойы еді. Анда-санда алдымнан жалғыз келе жатқан ұзын бойлы Қонаевтың сымбатты тұлғасын сыртынан көретінмін. Осыны айтсам, адамдар сенбейді: қалайша ол күзетсіз жүр деп. Расында да күзет қызметінің саны көбейтіліп, кім көрінген жанына күзет қаптатып жатқан уақытта мемлекеттің бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз барады дегенге сену өте қиын. Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартқанын білеміз. Бұл ақшаны ол балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырды. Осындай кішіпейілділік оның туа бітті қасиеті екені көзге көрініп тұрды

  •  және жұрттың оған деген сенімін күшейтті. Оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмады. Оның айналасындағы адамдардың арасында оны ұлықтаудан жарыс болған жоқ, есесіне олар оның көшбасшылық беделін қызғыштай қоритын, оның жетістіктеріне қылау түсірмеуге тырысатын", - деп жазды журналист Мадат Аққозин Азаттық сайтында. Қонаев - КСРО-да жоғары лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Сондай-ақ, қазір мұражайға айналған 200 шаршы метрлік шағын пәтерінде 24 жыл өмір сүреді. Жұбайы Зухра екеуі бала сүйе алмаса да, бауырларының балаларын қатты жақсы көрген. 1937 жылы танысқан өмірлік махаббаты Зухра Шәріпқызының қазасынан соң екі апта бойы құсалықтан үйінен шықпаған.Ответить