БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ! » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!
23
октябрь
2026

БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!

 БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!

Мектебіміздің бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Морозкин Алексей Петрович «Таулы Қарабах ұрыс қимылдары ардагері – 35 жыл» медалімен марапатталды! 🇰🇿

Бұл марапат – ерлік пен батылдықтың, Отан алдындағы борышқа адалдықтың және азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар өзінің ісімен, өмірлік ұстанымымен және жеке қасиеттерімен оқушыларға үлгі болатын тұлға. Әсіресе, бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі үшін патриотизмді, батылдықты, тәртіпті және Отанға деген сүйіспеншілікті жеке өнегесімен көрсету – аса маңызды.

Нағыз тәрбие – сөзбен емес, іспен беріледі. Ұстаздың өмір жолы мен азаматтық ұстанымы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ерлік пен жауапкершіліктің мәнін түсінуге ықпал етеді.

Морозкин Алексей Петровичті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз! Жас ұрпаққа берер өнегеңіз бен тәліміңіз мол болсын!

Ерлік – ұрпаққа үлгі, өнеге – болашаққа бағдар! 🇰🇿👏

#Коростелиортамектебі#Марапат #ҰстазӨнегесі #Отансүйгіштік #ПатриоттықТәрбие 

​https://www.instagram.com/p/De2TS6_iBD2/?utm_source=ig_web_copy_link&exln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==​​​