"Мектепке жол" акциясы 01.07.2019-30.09.2019 ж.
"ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі" ММ "Коростели орта мектебі" КММ жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық "Мектепке жол" акциясына белсене ат салысты. Акцияға қатысып, оқушыларды мектепке дайындауға ат салысуға, Бақы ауылдық округінде жұмыс істеп отырған барлық ұйымдарға қамқоршылық ұйымы хат жолдады. "Қызыл Ауыл" шекара заставасы, "Ауыл" (автомобильдік) ШББ, "Тұлпар" ШҚ, жеке кәсіпкер Сулейменов А.А. қол ұшын созып көмек көрсетті.