ШҚО білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» КММ директоры Г.М. Морозкина мектеп ұжымымен 5 маусымда өтетін республикалық референдум жайлы жиын өткізді. Дауыс беру арқылы әрбір Қазақстан азаматы елдің қоғамдық-саяси жаңғыруына өз септігін тигізе алатынын атап өтті. "Біз өзіміздің белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсетуге тиіспіз. Өйткені біздің мақсатымыз-жаңа Қазақстан құру. Еліміздің болашағы әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты" -деп, сөзін аяқтады. #тәуелсізқазақстан #qazaqstan30jyl @akimatborodulikhinskogo @korostelevskaia_shkola@bor_edu #референдум2022