09
май
2022
Ұлы Жеңіске 77 жыл
Биыл Ұлы Жеңіске 77 жыл толып отыр. 1941жылы басталған Ұлы Отан соғысы 5 жылға созылды. Осы уақыт ішінде бұл сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы Республикалары азаматтарымен қатар, қазақстандықтар да қатысып, ерен ерлік көрсеткен. Еліміздің сан ғасырлық тарихында Отан алдындағы адал қызметімен ел есінде қалған батырларымыз аз емес. Көз тоймас қайсарлығымен ел есінде қалған ержүрек батырларымыз Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Ғ.Ергешов, Ш.Жексенбаев, С.Мамырбеков, Р.Қошқарбаев, Т.Бигельдинов, С.Рахимов және т.б. Бұл сұрапыл соғыс еліміз үшін ең ауыр соққы болғанымен, еліміздің бетке ұстар ержүрек батыр бабаларымыздың арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекетке айналып, биыл ұлы жеңістің 77 жылдығын атап өтудеміз.
#ұлыжеңіске77жыл
#ұлыжеңіске77жыл