24
октябрь
2026
Абай облысында мектеп автобустарының паркі жаңартылуда
⚡️Абай облысында мектеп автобустарының паркі жаңартылуда
✅ Бүгін Абай облысында өңірдегі 10 мектептің директорына жаңа мектеп автобустарының кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Білім беру ұйымдарының басшыларына автобус кілттерін облыс әкімі Берік Уәли табыстады.
🚌 Жаңа көлік алғандардың қатарында Бородулиха ауданының Переменовка орта мектебі мен Коростели орта мектебі бар.
Мектеп директорларына ПАЗ маркалы екі автобустың кілті табысталды.
Мектеп автобустары паркін жаңарту — оқушыларды қауіпсіз әрі жайлы тасымалдауды қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Жаңа автобустар оқушыларға көрсетілетін көлік қызметінің сапасын арттырып, олардың күнделікті мектепке барып-келуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Балалардың қауіпсіздігіне, сабаққа уақытылы жетуіне және шалғай елді мекендерде тұратын оқушылардың білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту және балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету — Абай облысының білім беру жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі.
Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ басымдық!
https://www.instagram.com/p/De3mEA0jJLG/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==