«Айналайын» фестивалі » КГУ «Коростелевская средняя школа»
Абай облысы білім басқармасының
Бородулиха ауданы білім бөлімінің
«Коростели орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
10
апрель
2026

«Айналайын» фестивалі

"Адал азамат" біртұтас бағдарламасының "Шабыт" жобасын іске асыру аясында мектебімізде Бородулиха ауданы Шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі XVI аудандық «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық фестивалі өз шымылдығын ашты. «Айналайын» фестивалі 16 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы фестивальдің шалғай жерде орналасқан елді мекендерден талантты жастардың жарыққа шығуына көмек қолын созып келе жатқандығын атап өткен жөн. Фестиваль бағдарламасына әртүрлі жанрдағы 11 өнер ұсынылды. Аудандық Гала концертке 5 өнер түрі таңдалды. Олар: 1 «Б» сынып оқушыларының «Тосын сый» биі; "Айналайын"шағын орталығы "Балапан" тобының тәрбиеленушісі Ромбекова Айкөркемнің орындауындағы "Аяулы анашым" әні; 3 «Б» сынып оқушысы Сембаева Мединаның орындауындағы «Little pretty baby» әні; 5 «Б» сынып оқушысы Богаева Марьямның орындауындағы «Өмір-ай» әні; 4Б сынып оқушысы Омар Айяның орындауындағы Махамбеттің «Өсиет» термесі.
​https://www.instagram.com/reel/DW80SEwiJj0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​