25
февраль
2026
«Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл бағдарламасын» іске асыру мақсатында Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» КММ
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімі» ММ бастығы полиция полковнигі А.Абылкасымовтың 2026 жылдың 17 ақпанындағы №1-5/1-88/316-4 хатына сәйкес «Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл бағдарламасын» іске асыру мақсатында Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» КММ педагогтар мен техникалық қызметкерлер арасында интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы түсініру жұмыстары жүргізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова С.Б. қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың жаңа түрлерімен таныстыру мақсатында жиналғандарды «Алаяқтық әрекеттердің алдын алу» жадынамасымен таныстырды.
#Адал_азамат_Абай_облысы_Бородулиха
#АПҚО_Абай_облысы_Бородулиха
#Адал_азамат_Абай_облысы_Бородулиха
#АПҚО_Абай_облысы_Бородулиха