26
сентябрь
2025
"Еңбек адамы-ел мақтанышы" - іс-шара. Внеклассное мероприятие "Человек труда-гордость страны".
,Адал азамат" бағдарламасының қыркүйек айындағы "Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік' атты құндылықты іске асыру мақсатында және Еңбек күніне орай мектебімізде кәсіптік бағдар беруші маман Сыздыкова Гүлжан Ержанқызының ұйымдастыруымен "Еңбек адамы-ел мақтанышы" тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен кәсіптік бағдар беру -сы ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларды әлеуметтік маңызды мамандықтармен (дәрігер, орманшы, шекарашы, мұғалім, полицей) таныстыру, олардың қоғамдағы рөлін көрсету, оқушыларға еңбектің маңыздылығын ұғындыру, сондай-ақ топтық жұмыс, қарым-қатынас және саналы түрде болашақ мамандықты таңдауға жағдай жасау.Іс-шара барысында оқушылар алдында арнайы шақырылған әртүрлі маман иелері сөз сөйледі. Олар:
ауылдық амбулатория медбикесі Азанғалиева Гулайым Азаматқызы;
шекара бөлімінің лейтенанты Бейсенұлы Жалғас;
теміржол шекара бөлімінің лейтенанты Елеусізов Ермек Берікұлы;
электрик Сүлеймен Азат Ағланұлы;
орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы Сыздыков Дудар Серікболович;
Ауыл стансасының ЖПб кіші сержанты Шыңғыс Әлишер;
ұстаз Сулейменова Светлана Биймурзиновна.
Әр маман өз кәсіби жолын, жұмысындағы қиындықтарды және мамандығының қоғам үшін маңызын әңгімеледі.
Іс-шара жоспарына сәйкес, еңбекті, мамандықтарды практикалық тұрғыда зерттеуге қызығушылық таныту мақсатында оқушылар 7 жұпқа бөлініп, әрқайсысы бір маманмен жұмыс істеді. Олар кәсіби міндеттерді, жеке қасиеттерді және мамандықтың әлеуметтік маңызын көрсететін кластер құрып, қорғады.
Оқушылар барлық мамандықтың қоғам үшін маңызды екенін, әрқайсысы жауапкершілікті, еңбексүйгіштікті және мамандыққа деген сүйіспеншілікті қажет ететінін атап өтті.
Іс-шара жоғары сынып оқушыларының еңбекке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті, әр мамандықтың мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығын көрсетті. Мамандық иелерімен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы оқушылар кәсіптердің шынайы қырларын, қажетті жеке қасиеттерін және даму мүмкіндіктерін білді.
Сабақты өткізген: кәсіптік бағдар беруші Сыздыкова Г.Е.
В целях реализации ключевой ценности сентября "Трудолюбие и профессионализм" программы " Адал азамат " и ко Дню труда в нашей школе профориентатором Сыздыковой Гульжан Ержанқызы было организовано мероприятие с выпускниками 9-11 классов на тему "Человек труда-гордость страны".
Цель: познакомить учащихся с социально значимыми профессиями (врач, лесник, пограничник, учитель, полицейский), показать их роль в обществе, привить учащимся понимание важности труда, а также создать условия для командной работы, общения и осознанного выбора будущей профессии.
В ходе мероприятия перед учащимися выступили специально приглашенные представители следующих профессии: медсестра сельской амбулатории Азангалиева Гулайым Азаматовна; лейтенант пограничного отдела Жалгас Бейсенович;
лейтенант железнодорожного пограничного отдела Елеусизов М.Б.; электрик Султан Азат Агланович;
государственный инспектор лесного хозяйства Сыздыков Дудар Серикболович;
младший сержант полиции ЛоП на ст. Аул Шыңғыс Әлишер;
педагог Сулейменова Светлана Биймурзиновна.
Каждый специалист рассказал о своем профессиональном пути, трудностях в работе и значении профессии для общества.
В соответствии с планом мероприятия, с целью привития заинтересованности в практическом изучении труда, специальностей, учащиеся были разделены на 7 пар, каждый из которых работал с одним специалистом. Они создавали и защищали кластер, отражающий профессиональные задачи, личностные качества и социальную значимость профессии. Учащиеся отметили, что все профессии важны для общества, каждая требует ответственности, трудолюбия и любви к своей профессии.
Мероприятие способствовало формированию у старшеклассников уважения к труду, показало важность каждой профессии для государства и общества. Благодаря непосредственному общению со специалистами своего дела учащиеся узнали истинные грани профессий, необходимые личностные качества и возможности развития. Профориентатор: Сыздыкова Г.Е.
#Адал_азамат_Абай_облысы_Бородулиха