"Дорога в школу"
ШҚО білім басқармасы Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Коростели орта мектебі» КММ дәстүрлі республикалық "Мектепке жол" акциясы басталды. Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорт киімдері мен мектепке қажеттi оқу құралдар табыс ету жоспарланған.